«Латын әліпбиіне көшу - уақыт талабы» атты танымдық интеллектуалдық сағат өтті

Азаматтық қорғаныс көпсалалы колледжі кітапханасында 7-қараша күні Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:Рухани жаңғырту» атты мақаласы аясында «Латын әліпбиіне көшу-уақыт талабы» атты танымдық интеллектуалдық сағат өткізді. Іс-шараға М.Жұмабаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының кітапханашылары, колледж кітапханашылары, оқушылары мен ұстаздары қатысты.

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев қазақ тілі әліпбиін кирилицадан латын графикасына көшіру туралы Жарлыққа қол қойды. Осы жарлық бойынша бекітілген латын әліпбиінің соңғы нұсқасы студенттерге таныстырылып, жан-жақты мағлұмат берілді. Шолу жасалынып,слайдтар көрсетілді.Латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы мен қажеттілігі және қазақ тілінің әліпбиімен танысып,сонымен қатар халық қазынасы, тарих қазынасы болып отырған  тіл жайлы сөз болды.

Колледж оқушылары мен оқытушылары мемлекеттік тілге деген, өздерінің сүйіспеншілігін, жанашырлық, қамқорлық көзқарастарын өздерінің дәлелді сөзі, ойы арқылы айта білді. Бүгінгі таңда тәуелсіздігімізді асқақтатуға, тіліміздің мәселесі туралы келелі ой қозғадық деп ойлаймыз. 

Автор: Жунусова Н.А.
Просмотров: 121
Дата создания: 9 Ноября 2017 г.
Дата редактирования: 30 Ноября 2017 г.